Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау полицейлері пәтер ұрыларын қолға түсірді

Ақтау полицейлері пәтер ұрыларын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсан күні түнгі сағат 00:30 шамасында белгісіз тұлға 32Б шағын ауданда орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерлерінің бірінен тұрмыстық техникаларды, екі IPhone телефоны мен ноутбук, сондай-ақ алтын бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 816 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Тергеп-тексеру барысында күдіктінің қыркүйек айында орын алған үй ішінен телефон ұрлап кету қылмысына да қатыстылығы анықталды. Осы дерек бойынша қылмыс жасауға сыбайлас болған 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған деректер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-да тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру