Түркістан облысының тұрғынынан марихуана тәркіленді
Түркістан облысының тұрғынынан марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер облыс орталығы көшелерінің бірінен аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Тексеру кезінде жедел уәкілдер күдіктіден есірткіге ұқсас өсімдік тектес заттары бар 6 полиэтилен пакет пен 1 қағаз орама тауып, тәркіледі. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттардың жалпы салмағы 1 келіден асатын кептірілген марихуана.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.