Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полицейлері тұрғынның жүк көлігінен заңсыз ауланған 24 келі бекіре тапты

Маңғыстау полицейлері тұрғынның жүк көлігінен заңсыз ауланған 24 келі бекіре тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өткізіліп жатқан “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 10 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты тас жолдардың бірінде жергілікті полиция қызметі бөлімі қызметкерлерімен УАЗ автокөлігі тоқтатылды.

Полицейлермен автокөлік құралын тексеру барысында тоғыз бекіре тұқымдас балық тәркіленіп, алынды. Тәркіленген балықтың салмағы 24 келі 200 граммды құрайды.

Полиция қызметкерлерімен 30 жастағы азаматтың жеке басы анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру