Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да қаруды заңсыз сақтағаны үшін 11 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

БҚО-да қаруды заңсыз сақтағаны үшін 11 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 5-9 қыркүйек аралығында өткен республикалық “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын анықтады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу және олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау. Сондай-ақ, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу, ескерту және оларды ашу жедел жағдайды тұрақтандыру.

Тұрғылықты мекенжайларды тексеру барысында шамамен бес мыңнан астам қару иелері тексерілді. Тексеру барысында 92 әкімшілік заңнаманы бұзушылық фактілері анықталды. Қаруды заңсыз алып, сақтағаны үшін 11 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қару айналымы бойынша 59 құқық бұзушылық анықталды.

Қаруларды тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 22 хаттама толтырылды.

Жүргізілген рейдтік іс-шара барасында заңсыз сақталған 21 тіркелмеген қару тәркіленді, оның ішінде бесеуі ойық мылтық, 13-і бірлік тегіс ұңғылы мылтық,  біреуі шолақ мылтық, біреуі қолдан жасалған тапанша және бір травматикалық тапанша.

“Қару” жедел алдын алу іс-шарасы барысында қыркүйектің 5-і күні саяжай қоғамдарының бірінің моншасынан 50 жастағы ер адамға тиесілі ППШ автоматы, Мосина винтовкасы, ТОЗ ұсақкалибрлі винтовкасы табылып, тәркіленді. Бұл жөнінде ер адам коллекция жинау үшін сақтағандығымен түсіндіріп берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бабына сәйкес (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның бес күнінде қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін 16 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, 200-ден астам патрондар мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру