Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері алаяқтыққа күдіктіні Нұр-Сұлтаннан ұстады

Түркістан полицейлері алаяқтыққа күдіктіні Нұр-Сұлтаннан ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында қылмыстың өршіген түрі ол - алаяқтық қылмысы. Сондықтанда облыс полицейлері қылмыстың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

Атап айтсақ, Түркістан қаласында кезекті алаяқтық жайты орын алды. Түркістан қаласы ПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы 2019 жылдың ақпан айында құрылыс фирмасына жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін тұрғыннан 150 мың теңге қаражат алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт СДТБТ-ға енгізіліп, ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты Нұр-Сұлтан қаласынан ұстап, ПБ-ға жеткізді. Сондай-ақ күдікті жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру