Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік ер адамның қалтасынан есірткі табылды

Түркістан облысының полицейлері есірткі сақтаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ПБ кезекші бөліміне тұрғындардың бірі есірткі заттарын сақтаумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚК 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес ПБ жедел уәкілдері есірткі сақтаған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Тәртіп сақшылары күдіктінің қалтасынан түссіз полиэтиленді пакетке қапталған есірткіге ұқсас затты тәркілеп алды. Ол пакетке оралған салмағы 40 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәсі болсаңыз, тез арада 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру