Түркістан полицейлері карантин ережелерінің қатаң сақталуын бақылауда
Түркістан полицейлері карантин ережелерінің қатаң сақталуын бақылауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Коронавирус індетінің таралуын болдырмау мен алдын алу мақсатында Түркістан облысында мобильдік топтар құрылып, қызмет атқаруда. Мобильдік топ құрамында тәртіп сақшылары да бар. Осындай кезекті тексеріс кезінде Кентау қаласы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары ҚР Түркістан облысының Бас санитариялық-дәрігерінің қаулысына сәйкес, бекітілген әкімшілік аумақтарға тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері карантин талаптарын бұзған алты дүкен, екі сауда орталығы, алты кафе мен 12 тойхана иелерін анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша құжаттарды жинақтап, Кентау қалалық СЭББ-ға жолданды.
Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарды коронавирус індетіне байланысты шығарылған қаулы талаптарын сақтауға шақырады. Әлеуметтік арақашықтық пен бетперделік режимді ұстаныңыздар. Адамдар көп шоғырланған жерлерге бармаңыздар!