Түркістан полицейлері өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстады
Түркістан полицейлері өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданады. Оның айтуынша, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолы бойында орналасқан өзіне тиесілі алма бағының сыртында тұрған «Ваз 21099» автокөлігін белгісіз біреулердің заңсыз айдап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 150 мың теңгені құрайды.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына кірісті.
Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастайды. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде, арада небары 4-5 сағат өткенде күдіктіні жергілікті мекенжайынан ұстады. Осылайша Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстап, оны ПБ-ға жеткізді.
Белгілі болғандай, орта жастағы күдікті азамат көлікті бас пайдасы үшін жымқырмақ болған. Алайда түлкібастық қырағы полицейлер күдіктіні аз уақыттың ішінде анықтады. Бүгінде қолды болған көлік заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлығын болдырмау үшін, көліктерін бейнекамерамен жабдықталған, жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін ескертеді.