Түркістан полицейлері құрылыс дүкеніне ұрлыққа түскен күдіктілерді құрықтады
Түркістан полицейлері құрылыс дүкеніне ұрлыққа түскен күдіктілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құрылыс дүкенінен ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды анықтады.
Белгілі болғандай, құрылыс дүкенін сырттай бақылап жүрген күдіктілер кешкі сағат 22:00-де ешкім жоқтығын пайдаланып, бір пластик есікті жасырын ұрлап кеткен. Кейін алып кеткен затты үйіне пайдаланбақ болған.
Тәртіп сақшылары дер кезінде қолды болған пластик терезені тәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.