Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері «Ротар» атты иттің көмегімен шетелдіктен есірткі тапты

Полиция қызметкерлері «Ротар» атты иттің көмегімен шетелдіктен есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне Жібек-жолы шекара бекетінен Өзбекстан азаматының есірткі затын алып өтпекші болғаны жөнінде хабарлама келіп түседі.

Оқиға орнына тез арада жеткен полиция қызметкерлері тексеру барысында «Ротар» атты қызметтік иттің көмегімен шетелдіктің күртешесінің қалтасына жасырылған есірткі затын тапты.
Жедел уәкілдер тәркіленген өзіне тән хош иісі бар қағазға оралған есірткі затын сараптамаға жолдады. Қорытынды бойынша есірткі 3 грамнан асатын «марихуана» болып шықты.

Қазіргі уақытта осы жайт ҚР ҚК-нің 286-бабымен, яғни (Айналыстан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру