Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында заңсыз қабан атып алған ер адам 3,6 жылға сотталды

Түркістан облысында заңсыз қабан атып алған ер адам 3 жыл 6 айға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, оның ішінде браконьерлік, табиғи ресурстарды заңсыз аулау және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Түлкібас ауданының ПБ қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік жұмыстарды жүргізіп тұрады. Осындай шара барысында тәртіп сақшылары күндізгі сағат 12:00 шамасында Түлкібас ауданында орналасқан Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының шығыс беткейінде ерекше қорғалатын аумақтан 1 дана қабан жануарын заңсыз атып алған ер адамды анықтады. Мемлекеттік қорыққа келтірілген шығынның көлемі 700 000 теңгені құрады.

Аталған деректі полиция қызметкерлері ҚК 337-бабы, яғни (Заңсыз аңшылық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Күдікті азаматтан айғақты зат ретінде аңшы мылтығы мен қабан ұшасы алынды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер азаматтың қылмысы толық дәлелденіп, жинақталған құжаттардың барлығы Түлкібас аудандық сотына жіберілді.

Түлкібас аудандық соты өз заңды шешімін шығарып, мемлекеттік қорыққа зиян келтіре отырып, заңсыз аңшылық қылмысын жасаған ер адамды 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру