Түркістан полицейлері шекарадан шетелдіктерді заңсыз өткізген екі күдіктіні ұстады
Түркістан полицейлері шекарадан шетелдіктерді заңсыз өткізген екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ көші-қон қызметкерлері Өзбекстан елінен Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік шекарадан тыс жолмен өтпек болған үш ер азаматты ұстады.
Күдікті деп танылған үшеу Ауғанстан Республикасының тұрғындары болып шықты. Полицейлердің анықтауы бойынша, күдіктілер Өзбекстан елі арқылы Қазақстанға өтпек болған.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктілерге қатысты ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сонымен қатар полицейлер үш шетел азаматының шекарадан өтуіне көмектесіп, заңсыз көші-қон ұйымдастырған екі Қазақстан азаматын анықтады. Ал оларға қатысты ҚК-нің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл екі адам Ауғанстан азаматтарын шекарадан сым қоршаулардың арасымен заңсыз өткізген.