Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда тонау фактісі “ізін суытпай” ашылды

Теміртауда тонау фактісі дереу ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйек күні сағат 04.30 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жедел жәрдем бригадасы 32 жастағы ер адамды көптеген пышақ жарақаттарымен емдеу мекемесіне жеткізгені туралы хабарлама түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті.

Полицейлер анықтағандай, жәбірленуші өзінің пәтеріне бейтаныс адамды шақырған, ол онымен бірге ішімдік іше бастаған. Кеш барысында қонақ пышақты алып, үй иесін онымен ұра бастаған. Жәбірленуші есін жоғалтқан кезде, шабуылдаушы екі теледидарды, суретті, ұялы телефонды сөмкеге салып, қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құрады.

 – Жедел-іздестіру кезінде облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті – 27 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді. ҚР ҚК 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Қарағанды облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру