Түркістан полицейлері тұрғындар мен жоғары сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел өткізді
Түркістан полицейлері тұрғындар мен жоғары сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары аудан аумағында орналасқан білім беру мектеп-гимназияларында дөңгелек үстел өткізді. Атап айтқанда, Жамбыл, Ш. Қалдаяқов, Ө. Жәнібеков, С. Әшіров атындағы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне және жоғары сыныптың оқушы қыздарына әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңдағы карантин режиміне байланысты сақтық шаралары толығымен сақталды. Аталған шараға 80-ге жуық мұғалім, сондай-ақ 9-10-11 сынып оқушыларының арасында 150-ден астам оқушы қатысты.
Сондай-ақ Отырар ауданы полиция бөлімінің жанындағы азаматтарды қабылдау бөлмесінде жергілікті әйел тұрғындарды қабылдап, толғандырған сауалдарына жауап берді. Соған қоса аудан әйелдері арасында сауалнамалар жүргізілді.
Жыл басынан бері әйелдерге қатысты өткізілген әрбір зорлық-зомбылыққа қарсы акциялар барысында облысымыздың тәртіп сақшылары қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.