Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында телефон кабелін бірнеше рет ұрлаған жігіт ұсталды

Қарағанды ​​облысында телефон кабелін бірнеше рет ұрлаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазанда Қарағанды ​​облысы Абай ауданының ПБ-ның Топар полиция бөліміне елді мекендердің бірінің ауданында белгісіз біреу ұзындығы 200 метрлік телефон кабелін кесіп алғаны туралы хабарлама түсті. Бұл мүлік компаниялардың біріне тиесілі болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 20 жастағы жігітті ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты зат алынды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатыстылығын анықтады. Жалпы шығын көлемі 800 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру