Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қарызыңды төлемедің”: Түркістан облысында ер адам тұрғыннан теледидар мен ас үй жиһазын тартып алды

Түркістан облысында ер адам қарызын төлемеген тұрғыннан теледидар мен ас үй жиһазын тартып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 16:00 шамасында үйіне танысы келіп, дүкендегі қарызыңды төлемедің деген сылтаумен “LG” маркалы теледидары мен ас үй жиһазын алып қойғанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеден астам. Аталған дерек ҚК 389-бабы (Өзінше билік ету) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Ордабасылық полицейлер ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада барды. Жергілікті учаскелік полицейлер істің ақ-қарасын ажырату үшін шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушіге өзінше билік жүргізіп, заттарын тартып алған күдікті ер азаматты анықтады. Осылайша, күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, жәбірленуші әйел күдікті ер азаматтың дүкенінен қарызға азық-түлік алып жүрген. Алайда ақшасын осы уақытқа дейін қайтармаған. Содан соң күдікті ақшасын басқа жолмен алмақ болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру