Түркістан полицейлері WhatsApp арқылы алаяқтық жасаған әйелді анықтады
Түркістан полицейлері WhatsApp арқылы алаяқтық жасаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азаматша ақша берсең, көбейтіп беремін деп алдағанын көрсетті. Күдікті салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, 40 000 теңге ақша алған. Алайда арадан біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын, бірден полицейлердің көмегіне жүгінді. Аталған жайтты полицейлер ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Полиция қызметкерлері осы қылмыстың ашылып, күдіктінің ұсталуы бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті нәтижесінде алаяқ әйелдің жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.