Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жүргізуші апатты жағдай жасағаны үшін жазаланды

Павлодарда жүргізуші апатты жағдай жасағаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда Павлодар қаласында Академик Сәтпаев-Лермонтов көшелерінің қиылысында жүргізуші Toyota Carina маркалы автомобильді басқара отырып, оңға бұрылған кезде көлік құралына жол бермеді. Осылайша, жүргізуші басқа қатысушылардың қозғалыс жылдамдығы мен бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етті.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қатысушыларының ЖҚЕ бұзғаны үшін, жол бұзушыға қатысты апатты жағдай туғызғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғанын атап өтті.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер жол қозғалысына қатысушының жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 227 жүргізушіні жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру