Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жолда көлігі бұзылып тұрған жүргізушіге көмектесті

Түркістан полицейлері жолда көлігі бұзылып тұрған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының орталық көшелерінің бірінде бұзылып тұрған ВАЗ-2114 көлігін байқаған жол патрульдік полиция тобының инспекторы Қадыр Медетхан бірден автокөлік жанына жақындайды. Жүргізушіден қал-жағдайын біліп, қандай да бір көмек керек пе деп, жөнін сұрайды. Көлігі бұзылған жүргізуші, қасындағы жолаушысы екеуі бірнеше сағат бойы жол бойында тұрып қалғанын, мүмкін болса жәрдем беруін өтінеді. Содан тәртіп сақшысы жедел әрекет етіп, аталған көлікті сүйреп, діттеген жеріне дейін жеткізеді.

– Жол бойында көлігім бұзылып тұрғанда қаншама көліктер зулап өтіп кетті. Ешқайсының көмектесуге құлқы болмады. Бір кезде жаныма қызметтік көлігімен полицей тоқтады. Ризамын, ол жағдайымды біліп, дереу көмектесті. Алла разы болсын! Осындай қиналғанда қолдау білдіретін полицейлеріміз көп болсын!, – деді көлік жүргізушісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру