Түркістан полицейлері жолда қалған мүмкіндігі шектеулі тұрғынды үйіне жеткізді
Түркістан полицейлері жолда қалған мүмкіндігі шектеулі тұрғынды үйіне жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бәйдібек АПБ-нің полицейлері учаскелік полиция инспекторлары Бақытбек Мақұлбеков пен Дәулет Серікбаев әдеттегідей өздеріне бекітілген аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызметтік міндеттерін атқарып келе жатып, жол бойында балдақпен тұрған ер адамды байқап қалады.
Боралдай ауылынан шыға беріс жерде көлік тоқтатып тұрған адамның қасына тәртіп сақшылары бірден келеді. Жолаушыдан қандай да бір көмек қажет пе деп сұрағанда, ол емханадан диагнозына байланысты дәрісін алып шыққанын, жол бойында көлік тоқтатып, міне саламын дегенмен, ешқандай көлік тоқтамағанын жеткізеді. Қария бір сағатқа жуық күннің суығына тоңып тұрғанын айтты.
Жағдайды бірден саралаған полицейлер мүмкіндігі шектеулі тұрғынды қызметтік көліктеріне отырғызып, оны 6 шақырым қашықтықта орналасқан ауылына, өз үйіне аман-есен жеткізеді.
Өз кезегінде полицейлерден дер кезінде көмек алған жолаушы алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.