Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында Келес ауданының “Үздік тәртіп сақшысы” анықталды

Түркістан облысында Келес ауданының “Үздік тәртіп сақшысы” анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ Кадр саясаты тобының қызметкері Шерхан Рахматилла “Жылдың үздік тәртіп сақшысы” атанып, Келес ауданы әкімінің арнайы дипломы мен сый-сияпатына ие болды.

Негізінде Шерхан, әрдайым полицияның оң имиджін қалыптастыру бағытында шаршамай еңбек етіп, қоғамдық шараларға белсене атсалысады. Облыстық байқауларға қатысып, патриоттық ән шырқайды.

2021 жылдың басынан бері полицей Шерханның атқарған жұмысынан қысқаша саралап өтер болсақ: Келес АПБ Кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен барлық мерекелік шаралар жоғары деңгейде аталып өтілген. Келестік 42 тәртіп сақшысы, қызметтегі жетістіктері үшін ТО ПД бастығы Қ.Дәлбековтің “Алғыс хатымен” марапатталған. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыстық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен жарыста Келес АПБ-ның футбол командасы 2-орынды иеленген.

Сондай-ақ полицейлерге кәсіби, арнайы тактикалық, дене шынықтыру және атыс даярлығы сабақтары жиі ұйымдастырылып отырады. 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру