Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-де жылдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментін қарасты мекемелер мен пробация бөлімінің басшылары қатысуымен 2021 жылдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес алдында “ЭРТРИ” ЖШС басшысы Олег Тасуньянды ҚАЖД бастығы УГ-157/11 мекемесінің сотталғандарын 2012 жылдан бері арнайы киім тігу цехында жұмысшылар санын бес сотталғаннан 40 сотталғанға дейін көбейтіп, жұмыспен қамтамасыз етіп, үлесін қосқаны үшін ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасының грамотасымен марапаттады.

Департамент бастығының орынбасарлары Мұрат Құрмашов пен Қайрат Шонаев атқарылған жұмыс қорытындылап, тәртіп, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы баяндама жасады.

Жедел кеңесте мекемелер мен пробация қызметінде тіркеуде тұрған сотталғандар бойынша сұрақтар қарастырылды. Атырау облысы аймағында барлығы үш мекеме 900-ден астам сотталған, сегіз пробация қызметі бөлімімен 1500-ге жуық сотталған тіркеуде тұр.

Сотталғандарды жұмыспен қамтуға ерекше мән беріліп отыр, қазіргі таңда жұмыс жасайтын 527 сотталған бар, оның, 305-і ақылы жұмыс жасайды. РМК “Еңбек- Атырау” филиалының бастығы Шоқан Мутеев сотталғандарды еңбекпен қамту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша, ҚР ҰҰ 5546 әскери бөлімінің командирі УГ-157/9 мекемесімен бірлескен міндеттерді орындау кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша бірқатар шешімдер қабылдап, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндады. Содан кейін Ұлттық Ұлан өкілі ҚР ҰҰ Батыс аумақтық қолбасшысы Жақсылықовтың атынан департамент бастығы Манарбек Габдуллин “Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі” төс белгісін табыстады.

Кеңес соңында департамент бастығы Манарбек Габдуллин өткен жылды қорытындылап, келер жылда жұмыс барысын жақсарту мақсатында тапсырмалар мен қызметкерлерге бағыт бағдар беріп, келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру