Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есептегі сотталғандардың 160-қа жуығы рақымшылыққа ілінді

Атырауда есептегі сотталғандардың 160-қа жуығы рақымшылыққа ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді, соның бірі – рақымшылық.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Атырау қалалық пробация қызметіндегі 740-қа жуық есепте тұрған қоғамнан оқшауланбай сотталғандардың 160-қа жуығына рақымшылық заңы қолданылуда.

Қазіргі таңда оларға қатысты жадығаттар Атырау қалалық № 2 сотына жолданып, онлайн режимінде оның 93-і қаралып, 33-і қылмыстық жазадан босатылды, 60-қа жуығының жазаны өтеу мерзімдері қысқартылды.

Қазіргі кезде жазадан босатылған 33 адамның ішінде үшеуі қаулылары заңды күшіне енуіне байланысты есептен шығарылды, ал қалғандары мерзімдерін күтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру