Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қаласының полицейлері заңсыз жұмыс істеп жүрген 35 шетел азаматын анықтады

Түркістан қаласының полицейлері заңсыз жұмыс істеп жүрген 35 шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласы аумағында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара мақсаты аймақта құжатсыз жұмыс істеп жүрген немесе заңсыз тұрып жатқан шетел азаматтарын анықтау. Бұл қызметке негізінен Түркістан қаласы ПБ полицейлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері арнайы жұмылдырылды. Аталған іс-шара барысында полицейлер үш күн ішінде қала аумағындағы құрылыс ғимараттарын, шаруақожалықтарын аралап, жалпы саны 52 нысанға тексеріс жүргізді. Нәтижесінде заңсыз жүрген 35 шетел азаматы анықталды. Олар дереу қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, жеке бастары тексерілді.

Анықталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 22 мигрантқа заңды шешім қабылдау мақсатында тиісті құжаттар жинақталып, Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Сонымен қатар заңсыз жұмысқа қабылдаған нысан, қожалықтарға жауапты тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, яғни 12 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру