Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын сақтамаған медицина орталығын анықтады

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын сақтамаған медицина орталығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіліп келеді.

Нәтижесінде, 16 қыркүйек сағат 12:20-да аудан аумағында орналасқан “DIVES GROUP MEDICAL” медицина орталығына мониторинг жүргізу барысында қызметкері карантиндік талаптарды сақтамай, келушілерге қызмет көрсету барысында бір реттік бетпердені мүлдем тақпағаны анықталды. 

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру