Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да шаруа қожалығының жұмысшысы жаңа туған бұзауды сатып жібермек болды

ШҚО-да шаруа қожалығының жұмысшысы жаңа туған бұзауды сатып жібермек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Глубокое аудандық ПБ кезекші бөліміне 71 жастағы зейнеткер 2021 жылғы 27-28 тамыз аралығында белгісіз адам еркін жайылымнан еркін қол жеткізу жолымен жаңа туған бұзауды ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Шығын 50 мың теңгені құрады.Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық оқиғаға қатысушылардан жауап алып, күдіктіні анықтады. Ол 33 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің 71 жастағы ер адамның шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істегені анықталды. Белгілі болғандай, 33 жастағы қызметкерге шұғыл түрде ақша керек болғандықтан, малдың иесі сиырдың жақында төлдейтінен білмейді деген сеніммен, күдікті жаңатуылған бұзауды сатып қажеттілігін өтемек болған, алайда ол жоспары іске аспай қалған.

Жауап алу кезінде шаруа жануарды иелеріне қайтарып, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы (Ұрлық) 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру