Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда 450-ден астам қару иелері тексерілді

Түркістанда 450-ден астам қару иелері тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің талабына сәйкес ағымдағы жылдың 17 мамыр мен 17 маусым аралығында Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Бұл бағытта Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері облыс орталығында қарқынды қызмет атқаруда.

Мәселен, жалпы Түркістан қаласы аумағында 859 қару иелері бар болса, қазіргі таңда соның 453-і тексерілді. Тексеру барысында 62 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қару сақтау ережесін бұзған үшін 52 адамға ҚР ӘҚБтК 484-бабы бойынша хаттама түзілді. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 486-бабы (Қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзғаны) үшін 10 адамға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру