Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда есірткі қолданып, көлік жүргізген есерсоқ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданып, көлік айдаған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде Ордабасы АПБ ЖПҚ қызметкерлері  жол қозғалысы ережелерін бұзған «Опель» автокөлігін байқаған.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісінен тоқтауды талап еткен, бірақ жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай қашып кетуге тырысқан.

Патрульдік полиция қызметкерлері қашқан көліктің ізіне түсіп,  «Опельдің» жүргізушісін аудан орталығындағы көшелердің бірінде ұстады. Тәртіп сақшылары құжаттарын тексеру кезінде  рульде отырған ер адам қарсылық танытқан. Содан соң полицейлер тәртіп бұзушыны медициналық сараптамаға жеткізген. Сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің есірткі қолданғаны анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның  басқаруына жол беру) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру