Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері көлік жүргізушісінен екі келіге жуық есірткі тәркіледі

Сарыағаштық полицейлер заңсыз айналымнан екі келіге жуық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданының полицейлері “Жетісай-Шымкент” тас жолында  күдік тудырған “Toyota Rav 4” маркалы автокөлігінен есірткіге ұқсас зат тәркіледі.

Өткізілген сараптама нәтижелеріне сәйкес алынған зат – салмағы екі келіге жуық хош иісті “марихуана” болып табылады.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.

Жүргізуші қамауға алынды.

Қазіргі таңда полицейлер аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру