Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда көлік жүргізушілеріне жол ережесі жазылған брошюралар таратылды

Қазіргі таңда үлкен трассалар және кіші көшелерде орын алатын түрлі
жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Түркістан облысы
полицейлері республикалық маңызы бар Түркістан-Шымкент трассасы
бойында жаңадан ашылған автобекетте ерекше іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұнда ТО ПД-і Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытқали Кенжебаевтың басқаруымен полицейлер жолдарға шығып, қалааралық бағытта жүретін көліктерге, жүргізушілеріне жол-қозғалысы ережелерін орындап, жылдамдық режимін сақтау туралы ескертетін жаднамалар таратты. Яғни жол-көлік оқиғаларының алдын алуға байланысты профилактикалық жұмыстарын жүргізді.

Негізінен соңы ауыр зардапқа әкеліп соғатын жол-көлік оқиғаларына жүргізушілердің ҚР жол жүрісі қағидаларының талаптарын өрескел бұзатыны себеп болуда. Қазір қыс мезгілі, оның үстіне қаңтар айының аязды суығында, көктайғақтан кейбір жүргізушілеріміздің көлікті дұрыс басқара алмауы салдарынан, тұманды күні жол көрінбеуінен де айтып келмейтін апаттар орын алады.

Бүгінгі іс-шарада полицейлер аталған олқылықтардың орын толтыру мақсатында көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басым бөлігі жолаушы таситын қоғамдық көліктердің жүргізушілеріне жол ережелері жазылған брошюралар таратты. Ағымдағы
жылдың басынан облысымызда жүргізушілердің салғырттығы салдарынан 800-ден астам жол-көлік оқиғалары орын алып, 200-ге жуық адам қайтыс болған және 1000-нан астам жолаушы әр түрлі деңгейде жарақаттанған. Өз кезегінде көлік жүргізушілері де аталған шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын көрсетіп, жол қозғалысын реттеп, апатты болдырмау мақсатында жұмыс атқарып жүрген облыс полицейлеріне алғыстарын білдірді.

Құрметті жүргізушілер, соңғы уақыттағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны күннен-күнге артып отырғаны қоғамды да, «Тәртіп сақшыларында» толғандырып отыр. Сол себепті, көлік жүргізушілеріне шамадан тыс жылдамдықты арттырмай,
көліктің ақауы болса мән беріп, қарсы жолға шығып кетпей, көліктермен жарыспай, бұрылыс жарықтарын жағып, қауіпсіздік белбеуін тағып, апатқа алып келетін әрекеттерге жол бермеу керектігі мұқият түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру