Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда өнерлі полицейлер сынға түсті

Түркістан облысы полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің ұйымдастыруымен “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты тіл апталығы аясында “Өнерліге өріс кең” байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқау полиция қызметкерлері арасында ұлттық өнердің мәртебесі мен маңызын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ басты мақсат – мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау. Бұл конкурста әділ қазы алқалары полицейлердің аспаптарда ойнауы мен патриоттық әндерді нақышына келтіріп шырқауына баса мән берді.

Түркістан облысына қарасты аудан, қала полициясынан келген 10-нан астам қызметкер қазақтың қара домбырасын, сазсырнайын тартып, әуелетіп ән шырқап, өздері шығарған өлеңдерін оқып, өнерлерін ортаға салды. Сайыс өте тартысты өтті.

Әділ қазылардың шешімімен жүлделі І орын Бәйдібек ауданынан келіп, домбырамен терме айтып, көрермен көңілінен шыққан Ермек Тұрғанбекұлына берілді. Ал ІІ орынға Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторы Русланбек Үстеміров лайық деп танылды. ІІІ орын сазсырнай мен домбырада қатар ойнап, ән шырқаған Кентау қаласынан келген полиция қызметкері Бағжан Төреханқызына бұйырды. Жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар мен департамент бастығының грамотасы табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру