Түркістанда террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті
Түркістанда террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күні. Бүгін барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылды.
ҚР ІІМ-нің қызметкерлері де аза тұту күні қақтығыс кезінде қайтыс болған қарулас қызметтестерін қайғыра еске алуда. Мәселен, осындай еске алу шарасы Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен өткізілді. Киелі өңірдің тәртіп сақшылары әскери және қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған күштік құрылым қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шынында, қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын сақтауда қызметте жүріп өмірден өткен қызметкерлердің көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі мәңгілік ел жадында.