Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Ақмолада еске алу шарасы Полиция басқармасының қызметкерлерімен өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қаңтар Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Ақмола облысының Полиция департаменті қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерді еске алды.

– Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде сегіз полиция қызметкері мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Ерлік пен батырлықты көрсете отырып, олар өздерінің қызметтік және әскери борыштарын соңына дейін орындады. Олар туралы естелік әріптестердің және бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі сақталады, – деп атап өтті Ақмола облысының коменданты Арманбек Баймурзин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру