Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер қаза тапқандарды еске алу шарасын өткізді

Павлодарлық полицейлер қаза тапқандарды еске алу шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде сегіз полиция қызметкері мен әскери қызметшілері қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.

10 қаңтарда Павлодар облысы әкімдігінің алдындағы басты алаңда Павлодар облысының коменданты Нұрлан Мәсімов пен облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

– Олар ерлік пен батылдық танытып, өз қызметтік және әскери борышын соңына дейін орындады. Қаза болғандар туралы естелік қызметтестердің және бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі сақталады, – деді Павлодар облысының коменданты Нұрлан Мәсімов.

– Әріптестеріміздің қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқаны өте өкінішті. Олардың есімдері біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады. Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз, – деді полицей Қуаныш Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру