Түркістанда жас жігіт велосипед ұрлап, сатып жіберген
Түркістанда жас жігіт велосипед ұрлап, шымкенттік тұрғынға сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын Урал велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның үйінің ауласының алдында тұрған велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, ұрыны іздеуге кірісті.
Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, күдікті ретінде жас жігіт ұсталды.
Белгілі болғандай, күдікті жымқырған велосипедті Шымкент қаласының тұрғынына сатқан. Бүгінде ұрланған велосипед тәркіленіп алынып, заңды иесіне тапсырылды.Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.