Түркістандық полицейлер алаяқ әйелді қолға түсірді
Түркістан облысының полицейлері бірнеше алаяқтыққа қатысы бар әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындар бейтаныс әйелдің тарапынан жасалған алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданды.
Жәбірленушілердің айтуынша биылғы жылдың көктемінде алаяқ әйел несие алуға көмектесемін деп ақшаларын алған.
Аталған фактілерді полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, күдіктіні іздеуге кірісті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқты анықтап, Қызылорда облысынан ұстады. Ол көрші облыстың тұрғыны болып шықты.
Күдікті әйел бұрын да алаяқтық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі таңда күдіктінің жалпы соммасы миллион теңгеге жуық алаяқтықтың 7 фактісіне қатысты екендігін анықталды.
Алаяқ онлайн-кредит ресімдеуге көмек көрсетемін деген сылтаумен жәбірленушілердің сеніміне кіріп, алдау арқылы олардан ақша жинап, қашып кеткен.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын және күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.