Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады.

Түркістан облысының полицейлері туысының атына несие рәсімдеген алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының полицейлеріне жергілікті тұрғын  туыстарының бірі алаяқтық жолмен оның атына 200 мың теңгеге жуық несие рәсімдегені туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні, яғни жәбірленушінің туысын ұстады. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдікті жас қыздың жәбірленушіге ақша қарыз екендігі, келісілген уақытта оның туысқанына ақша аудару үшін жеке куәлігінің суретін жіберуді сұрағаны, әрі қарай оның жәбірленушінің жеке куәлігінің деректерін жүктеп, содан кейін ғаламтор арқылы микрокредиттік ұйымдарға сұрау жібергені анықталды.

Ақша жәбірленушінің шотына түскен кезде, алаяқ ақшаның бір бөлігін қарызының өтемі ретінде қалдыруды, ал қалғанын оның шотына аударып жіберуді өтінеді.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бөгде адамдарға жеке құжаттарының және банк карточкаларының деректемелерін жібермеуді,  алаяқтық құрбаны немесе куәгері болған жағдайда дереу  «102»  нөміріне хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру