Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлығына қатысы бар азаматтар ұсталды

Түркістан облысының полицейлері ұрланған бұқаны сойып, етін сатпақ болған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің құны 400.000 теңге болатын бұқасының жайылымнан белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін, өзі ауыл ішін, жайылымдарды толық қарап, іздеп шыққанын, алайда жоғалған бұқасын «Алматы-Термез» тас жолының бойындағы қараусыз ғимараттың ішінде белгісіз тұлғалардың сойып жатқан жерінен түскенін хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер өзгенің малын жымқырып, онымен қоймай сойып үлгерген екі күдіктіні ұстады. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты. Біреуі бұрын сотты болған. Айғақ зат ретінде жоғалған бұқаның сойылған еті  алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында күдіктінің бірі үйінің жанына қараусыз бұқа жайылып келгенін байқап қалып, оны үйіне кіргізіп алғанын айтқан және 1 күннен кейін иесіз малды оңай жолмен пайда табу мақсатында ауылдасы екеуі сойып, сатып жібермекші болғандарын мойындаған.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғындарына қырағы болуға және малдарын қараусыз қалдырмауға, үй-жайлары мен аулаларын қоршауға, жарықтандыруға, мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда дереу “102” телефоны арқылы полицияға хабарлауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру