Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

17 жылқы иесіне табысталды

Қызылордалық полицейлер жоғалған 17 жылқыны иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйекте Шиелі ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Жаназар батыр ауылының “Ащы құдық” деген жайылымында жүрген 17 бас жылқысының жоғалып кеткені туралы шағымы түскен.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері  жылқыларды Тартоғай ауылы маңында жайылып жүрген жерінен тауып,  иесіне табыстады.

Мал иесі қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру