Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер "Автобус" іс-шарасы кезінде 800-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістандық полицейлер "Автобус" іс-шарасы кезінде 800-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында полицейлер 5-11 желтоқсан аралығында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Негізгі мақсат - жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау.

Іс-шараны өткізуге 560-тан астам полицей, мүдделі органдар мен жұртшылық өкілдері жұмылдырылды. Аталған іс-шараның үш тәулігінде полицейлер 814 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 3 жайт жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегі. Ал көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 232 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін - 150, жылдамдықты асырғаны үшін - 5, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін - 1, техникалық байқаудан өтпегені үшін - 118, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін - 112 мен заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 38 құқық бұзушыны жауапқа тартты.

Рейд барысында ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың 42 жайты анықталып, 44 автокөлік айыптұраққа қойылды. 260-тан астам автобустың техникалық жай-күйі, жылытуы және т.б. сәйкестігі тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру