Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналаспақ болған Түркістан тұрғыны ақшасынан айырылды

Түркістан облысының полицейлері Атырау қаласына жұмысқа орналастырамын деп алаяқтық жасаған жас жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзі жақсы танымайтын жас жігіт сеніміне кіріп, Атырау қаласына вахталық жұмысқа орналастырып беремін деп 100 мың теңге ақшасын алған. Алайда ақшаны иемденген алаяқ уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жәбірленушіні әбігерге салған. Содан кейін жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полициядан көмек сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары нәтижесінде күдікті азаматты анықтады. Ол Маңғыстау облысының тұрғыны, жұмыссыз ер азамат болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру