Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер мал ұрлығының төрт жайтына қатысы бар екеуді ұстады

Түркістандық полицейлер мал ұрлығының төрт жайтына қатысы бар екеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің екі бас сиырын белгісіз біреу ұрлап кеткендігі туралы айтып, шағымданған. Онда ауласында орналасқан мал қорасына заңсыз кірген күдікті сиырларды жымқырып, жалпы 600 мың теңге шығын келтіргені көрсетілген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар, іске белсене кіріскен саурандық сақшылар мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде, мал ұрлығына қатысты күдікті екеу ұсталды. Олар жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.

Сонымен қатар, екі орта жастағы күдіктілердің бұдан бөлек мал ұрлығының тағы үш жайтына қатысы бары анықталды. Онда 40 бас қой мен бір сиыр ұрлап, жәбірленушілерге жалпы үш млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Күдіктілер малдарды көбіне қорадан ұрлап отырған. Белгілі болғандай, олар жәбірленушілердің үйіне кезек-кезек ұрлыққа түсіп, қолды еткен малдарын бірінің басқаруындағы жеңіл көлікке салып алып кеткен. Ұрланған малдардың ет сататын дүкендерге алып өткізген. Ал ақшасын бөлісіп, өз қажеттеріне жаратқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру