Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түркістандық полицейлер оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Денсаулық сақтау, Спорт және Қоғамдық даму басқармасының өкілдерімен бірігіп, «Балалар жылы» аясында оқушыларға өзекті мәселенің біріне айналған «Ғасыр дерті – есірткі» атты іс-шара өткізді.

Маңызы зор кездесу Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында орналасқан С.Рахимов атындағы мектептің мәжіліс залында өтті. Іс-шараға 700-ге жуық оқушы қатысып, оларға есірткіге қарсы профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Түсіндірме жұмысының негізгі мақсаты – есірткінің адам өміріне қауіпті екендігін, болашақ жастар арасында түсіндіру, есірткі қылмысының жолын кесу және есірткіге байланысты қылмыстарды болдырмау мен алдын алу.

Іс-шара барысында есірткіге қарсы бейнероликтер көрсетіліп, қоғам дертіне айналған есірткіні тұтынбау ескертілді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары балаларға спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Аталған шараға қатысқан оқушылар қоғамдағы өзекті мәселені қозғап, өздерінің ақыл-кеңестерін айтқан полицейлерге алғыстарын жеткізді. Тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру