Шымкент полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті
Шымкент полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлары әйелдерге тұрмыстық жағдайдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, бұл бағыттағы қолданылып шаралармен таныстыру, сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді.
Осы бағыттағы жұмыстардың барысында Шымкент қаласы Абай ауданының Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті.
Азаматша баласымен Полиция басқармасымен ұдайы түрде жұмыс атқаратын «Көмек» дағдарыс орталығына орналастырылды.
Айта кететіні, дағдарыс орталықтарына орналастырылған әйелдердің орталық мамандарынан заңгерлік кеңес алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, полицейлер мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, халық арасында профилактикалық әңгімелер жүргізеді, зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі бар ақпараттық парақшалар таратып, Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.