Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жүкті әйелді Қосшыдан Нұр-Сұлтанға жедел жеткізді

Ақмола полицейлері жүкті әйелді Қосшы қаласынан Нұр-Сұлтанға жедел жеткізді. Бір сағаттан соң ер бала дүниеге келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурызда Ақмола облысының аумағында ауа райы құбылмалы болды. Боран мен астанаға іргелес Қосшы қаласын да айналып өтпеді. Жолдарда өте қиын жағдай қалыптасты. Нөлдік көріну, автомобиль жолдары, қолайсыз ауа райында жолда қалған жүздеген адамдар. Ақмола полицейлері күшейтілген режимде қызмет етті және Қосшы қаласының босануға уақыты жеткен тұрғынының біріне көмекке келді.

Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты жедел медициналық жәрдем көлігі 30 жастағы жүкті әйелге бұрқасын арқылы шыға алмады. Әр минут маңызды болды. Қобалжыған отағасы үйіне жете алмай, көршілеріне жазған. Қосшы қаласының белсенді тұрғындарының бірі түрлі қызмет басшылары мен қала тұрғындарынан тұратын чатқа хат жазған. Хабарламаға Қосшы қаласының полиция бөлімінің бастығы Талғат Сақанов дер кезінде жауап берді. Көмекке келген учаскелік полиция инспекторлары Мирас Қадыр және Нұрлан Дюсенов жарқылдауық сигналдарын қосып, нөлдік көріну жағдайында 30 жастағы әйелді Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіп, оны медицина қызметкерлеріне тапсырды.

– Біз әйелді қызметтік көлікке отырғыздық. Біз әр минут қымбат екенін және бізге үлкен жауапкершілік жүктелетінін білдік. Жолда мен әйелдің саналы екеніне көз жеткізу үшін онымен сөйлестім. Нөлдік көріну болды. Жүру қиын болды. Әріптестеріміз екеуіміз боранда көлігінің алдында кезекпен жүріп отырдық. Біз ауруханаға жеткенде кептелісте тұрған жедел жәрдем көлігін көрдік. Содан кейін олар әйелді медицина қызметкерлеріне тапсырды. Әрине, бәрі жақсы болғанына қуаныштымыз, – деп еске алады полиция қызметкері Мирас Қадыр.

Полицейлер мен медицина қызметкерлерінің уақытылы көмегінің арқасында сол күні Қосшы қаласының кішкентай тұрғыны дүниеге келді. Баланың ата-анасы полицейлерге адамгершілігі мен көмегі үшін алғыс айтты. Тәртіп сақшыларына алғыс сөздерін осы оқиғаның куәгері болған Қосшы қаласының басқа да тұрғындары әлеуметтік желіде жазды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру