Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар арасында “Әзіл де, байыпты да” атты онлайн жарыс өткізілді

ШҚО-да сотталғандар арасында “Әзіл де, байыпты да” атты онлайн жарыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері облыстық мекемелердегі психологтардың жұмысын бағалау үшін сотталғандар арасында “Әзіл де, байыпты да” атты байқау ұйымдастырып, өткізді.Байқау онлайн форматта өтті. Байқаудың бірінші кезеңі мекемелерде ұйымдастырылып, үздік жұмыстар екінші кезеңге ұсынылды.

Байқаудың екінші кезеңі департаментің ұйымдастыруымен онлайн өткізіліп, облыс мекемелерінің жеңімпазы сотталғандардың тікілей онлайн қатысуымен анықталды.

 – Барлығы 9 мекемеден сотталғандар қатысты. Байқаудың осындай жаңа форматта өткізілуі сотталғандар үшін ерекше орын алды, әр бір қатысушы өзінің ойын сарапшылар назарына ұсынуға мүмкіндік алды. Онлайн форматтағы өткен байқауға сарапшы ретінде Егемен Қазақстан республикасының газетінің тілшісі және С.Аманжолов атындағы ШҚУ “педагогика және психологиялық коррекция кафедрасының” доценті мен осы кафедраның оқытушысы қатысып өздерінің ойларын білдірді, – деді Зухра Тоқтамысова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру