Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер өзгенің мүлкін талан-таражға салған күдікті әйелді ұстады

Түркістандық полицейлер өзгенің мүлкін талан-таражға салған күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға қаладағы мекемелердің бірінен шағым түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, тұрғындардың онлайн тапсырыс берген тауарларын өз пайдасына жаратылып кеткені туралы хабарлаған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі төрт миллион теңгеге жуық.

Хабарлама түскен мезетте түркістандық тәжірибелі тәртіп сақшылары орын алған қылмысты ашып, күдіктіні анықтауға қатысты шараларға кірісті.

Полиция қызметкерлері жақын аймақтарды мұқият тексерді. Полицейлермен жан-жақты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде күдікті деп танылған әйел бір тәулік ішінде анықталып, ұсталды. Ол бұрынғы пошта қызметкері болып шықты.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарына, мал-мүлкіне қырағы болуды ұсынады. Егер де, сіз, қандай да бір қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру