Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде УАЗ автокөлігі электрлі самокатпен соқтығысты

Ақтөбеде УАЗ автокөлігі электрлі самокатпен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қыркүйекте “УАЗ” автокөлігінің жүргізушісі Некрасов көшесімен солға бұрылған кезде Некрасов көшесі жағынан тротуарда келе жатқан 52 жастағы ер адамның басқаруындағы электрлі самокатпен соқтығысуға жол берді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам Ақтөбе қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына құрметпен қарау және жол ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру