Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда лифттен металл бұйымдарын ұрлаған екі тұрғын ұсталды

Қарағандыда лифттен металл бұйымдарын ұрлаған екі тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамызда Қарағанды ​​қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне белгісіз біреулер кәсіпорындардың бірінің аумағынан лифттен металлдың бұйымдарын ұрлағаны туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру кезінде Қарағанды ​​қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 26 жастағы жүргізуші басқарған ГАЗель көлігін ұстады. Салонда 32 жастағы жолаушы да болған.
Ұсталған азаматтар ұрланған заттарды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырмақ болғандарын түсіндіріп, мойындау мәлімдемесін берді. Айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру