Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер қой ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістандық полицейлер қой ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші өз арызында егістік алқапта жайылып жүрген екі жасар қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.

Арыз бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, сол төңіректі мұқият тексеріп, куәлардан жауап алды.

Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде Жетісай қаласының тұрғыны ұсталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.       

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру